Өскемендегі ЖОО-лар, колледждер, мектептер оқытушылары мен қызметкерлері арасында Жамбыл гимназиясының директоры М. Иқсановты еске алуға арналған спартакиада өтті.
Спартакиада бағдарламасында волейбол, үстел теннисі, шахмат болды.
Теннистен 1 орынды Е.А. Малахова (ШҚМУ), 4 орынды К. Кашкинов (ШҚМУ) алды.
Шахматтан 1 орынды А.М. Калкутин (ШҚМУ) жеңіп алды.
Волейболдан ШҚМУ құрамасы 3 орынға жайғасты.
Баспасөз қызметі