- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Мадиеваның 60 жылдық мерейтойына арналған конференция болып өтті.
24-27 қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Мадиеваның 60 жылдық мерейтойына арналған «Филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері: теория мен практика» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті. Оған ф.ғ.к., доцент Бердібек Бияров, ф.ғ.к., доцент Айгүл Әлімхан, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранттары А. Ертарғынова мен Ж. Қажыбаева қатысып, баяндама жасады.
Конференция барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, Алтай Аманжоловтың шәкірті, жерлесіміз Гүлмира Мәдиева құттықтау хатпен және университеттің «Құрметті докторы» төсбелгісімен марапатталды. Ұстаздың ғылыми-педагогикалық қызметіне 35 жыл толып отыр. Осы іссапарға қатысуға қолдау жасаған университет әкімшілігіне алғыс айтамыз.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы