Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ өкілдері ШҚО Инновациялар және жаңа технологиялар бойынша кеңеске қатысты

Кеңес облыс әкімдігінде аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен өтті.

Жиында облыстың өткен жылғы даму қорытындысы, ғылым мен өндіріс интеграциясы, индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері қаралды

Кеңеске С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ғ. Сералин, Жарытылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Д. Ерболатұлы, өнертапқыш А. Жилкашинова қатысты.

Іс-шара аясында ғылыми және индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысушылар инновациялық жобаларының көрмесі өтті.

Кеңесте кәсіпкерлік басқармасының басшысы М. Мүсәпірбеков өткен жылы инновациялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндады.

2017 жылы ШҚО инновациялық белсенділік бойынша елімізде көш бастады (өсім – 15,1 пайыз, Қазақстан бойынша – 9,6 пайыз). Инновациялық өнім көлемі былтыр 1,5 пайызға өсіп, 80,5 миллиард теңгеге жетті. Жартысынан астамы экспортқа шығарылды.

ШҚО-да 142 ғылыми-зерттеу және сынақ-конструкторлық бөлімше бар. 2017 жылы оларға 6,9 млрд теңге қаржы құйылды.

ШҚМУ-да өткен жылы 118 миллион теңгенің 26 жобасы іске асырылды.

Кеңесте «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Б. Жансүгіров, ШҚМТУ проректоры О. Гавриленко, «Kaukointernational Central Asia» ЖШС бас директоры В. Олещенко және басқалар баяндама жасады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo