Өскеменде волейболдан әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.
Шілденің 11-і мен 18-і арасында өткен чемпионатқа Таиланд, Жапония, Қытай, Вьетнам, Иран, Тайбэй, Фиджи, Индонезия, Шри-Ланка елдерінің волейболшылары қатысты.
Турнир жеңімпазы – тайландтық «Суприм Чонбури» командасы, 2 орын – «Хисамицу Спрингс» (Жапония), 3 орын – «Тяньцзинь Бохай Банк» (Қытай). Қазақстандық «Алтай» 4 орын алды.
Үздік «алтайлық» ойыншылар арасында мыналар бар: үздік блок қоюшы – Кристина Аниконова, үздік ойын жалғастырушы – Инна Матвеева, турнирдің ең танымал ойыншысы – Сана Анарқұлова, ол арнайы жүлде алды.
Суреттерді мына сілтеме арқылы көруге болады https://cloud.mail.ru/public/E3vB/YnGsrBNhA
Баспасөз қызметі