Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінде өткен семинарға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ өкілдері қатысты.
Семинарда Өскемен, Семей, Талдықорған, Шымкент, Атырау, Павлодар, Алматы ЖОО-ларының өкілдері жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрес әдістері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар алаңдатқан сұрақтарын қойды.
ШҚМУ сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн-порталы жұмыс істейді – https://www.vkgu.kz/ru/page/onlayn-portal-protivodeystvie-korrupcii.html, онда «ШҚМУ-дағы коррупциялық тәуекелдер және олардың алдын алу картасы», ШҚМУ гранттары, жатақханалардағы бос орындар туралы ақпарат орналасқан.
Сенім телефоны: 54-14-33.
Баспасөз қызметі