Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ өкілі халықаралық семинарға қатысты

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы Әсия Машекенова 14-15 маусымда М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өткен «Мұғалімдерді даярлаудың мазмұнын қазіргі заманға сай жаңарту» атты халықаралық семинарға қатысты.

Семинарға жоғары білім беруді қалыптастыру бойынша ұлттық сарапшылар командасының мүшелері, білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының әдістеме жұмысы бойынша проректорлары, білім беру бағдарламаларының басшылары қатысты.

Семинарда еуропалық сарапшы Финляндияның Хельсинки университетінің профессоры Ханнели Ниеми қатысушылармен оқу жоспарын және оқу әдістемесін әзірлеуге ерекше назар аударумен, қазіргі заманғы еуропалық педагогикалық іс-тәжірибе үрдісін ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Жұмыс нәтижесінде Қазақстанда оқыту және оқыту әдістемесін,  оқытушыларға арналған оқу бағдарламаларын қайта қарау тәсілдері айқындалды.

Әдістемелік жұмыс, іс тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo