Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқушылар арасында мемлекеттік тілден олимпиада өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы кәсіптік бағдар беру мақсатында Өскемен мектептеріндегі өзге ұлт оқушылары арасында мемлекеттік тілден дәстүрлі «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізді.

Сайысқа отыз оқушы қатысты. Олимпиада мемлекеттік тілді дәріптеуге, көптілді тұлғаны қалыптастыруға, қазақ халқының мәдени, әдеби, рухани қазыналарын насихаттауға бағытталды. Екі кезеңнен тұрған іс-шарада оқушылар ауызекі сөйлеу, сауаттылық деңгейлерін көрсетті.

11 сынып бойынша «Бриг» жекеменшік бизнес мектебінің оқушысы Роберт Миллер 1 орын, №38 гимназиясының оқушысы София Давыдова 2 орын, №42 орта мектеп оқушысы Артем Новиков 3 орын иеленді. 10 сынып оқушылары арасында №15 мектептен Регина Галиева 1 орын, «Бриг» мектебінің оқушысы Егор Цыбрий 2 орын, №29 орта мектеп оқушысы Карина Нестеренко 3 орын алды. Жеңімпаздар дипломмен, алғыс хаттармен марапатталды.

Шара аясында мұғалімдерге «Тіл үйретудегі жаңа мүмкіндіктер және қиындықтар» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Баяндама жасаған мұғалімдерге университет ректоры атынан сертификаттар тапсырылды.

                  М. Ибраева, Б. Қырықбаева, А. Сапанова, Х. Жоқанасова,

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ аға оқытушылары

Қазақ
× You found a Typo