Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің басталуына арналған дөңгелек үстелге қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында ұйымдастырылған «Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің басталуы» дөңгелек үстеліне қатысты.

Музей директорының ғылым ісі жөніндегі орынбасары Г. Кашакуқызы мерейтойдың басталуымен құттықтап, іс-шараның мақсаты мен мән-мағанасын түсіндірді, қатысушылармен таныстырды.

Іс-шараға жазушы Т. Мағзұмов, ақын Б. Раисова, ШҚМУ Археология және Алтайдың мәдени мұрасы музейінің меңгерушісі Ж. Қалимолдина, ШҚМУ музыкалық білім кафедрасының аға оқытушысы А. Жұмақанова, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары Ж. Қайырбаева, Н. Чыншаева, Пушкин атындағы кітапхананың өлкетану секторының жетекшісі З. Сләмова, О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкері Г. Жұмағұлова, ұлттық музыкалық аспап жасаушы шеберлер Қ. Ибраев пен Б. Кеңшілік, Өскемендегі З. Ахметов атындағы №16 орта мектеп оқушылары қатысты.

Жиында Абайды зерделеу керектігі баса айтылып, ұрпақ тәрбиелеуге Абай шығармашылығының мағанасы зор екені насихатталды. Абайдың тәрбие беру мақсатындағы мұрасы – білген жасқа өнеге.

Сондай-ақ, басқосуда Абай әндері шырқалып, арнау өлең оқылды,  оқушыларға сұрақ қойылды, Абайдың ұстаған домбырасы мен нар қобызының көшірмесі көрсетілді. Үш ішекті домбыра шертіліп, қатысушылардың барлығы «Көзімнің қарасы» әнін әуелетті. 

Н. Чыншаева,

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика

кафедрасының оқытушысы 

Қазақ
× You found a Typo