С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және басқару кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Т. Абылайханова, РhD докторанты Е. Домалатов және Еуразия ұлттық университеті Экономика және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Ж. Рахметулина «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Аягөз қаласы мектеп мұғалімдеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинар, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Іс-шара Аягөз қаласы №6 мектеп-интернатында ұйымдастырылды. Бес жыл бұрын ШҚМУ Экономика және бизнес факультетінің деканы қызметін атқарған Ж. Рахметулина осы мектепте «Туған жерге тағзым» акциясы аясында әкесі Берлібек Тұқыбаевтың құрметіне компьютерлік сынып ашқан. Жыл сайын профессор мектепке көмек көрсетеді, осы жолы кітаптарды сыйға тартты.
Аягөз қаласы он бір мектебінің мұғалімдері үшін «Білім беру саласындағы заңнаманың жаңа нормалары контекстіндегі инновациялық технологиялар мен оқыту әдістері» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Мақсаты – инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану саласында мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру. Баяндамаларда кәсіпкерлік білім беру, мектепте IT-технологияларды қолдану, электронды кітаптарды әзірлеу, бұқаралық онлайн-курстарды қолдану болашағы қаралды. Семинарға қатысушыларға ШҚМУ сертификаттары табыс етілді.
Экономика және құқық факультеті