Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары Елбасының бес әлеуметтік бастамасын талқылады

ШҚМУ-да «Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы – әлеуметтік жаңғырудың негізі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Іс-шараны С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген ашып жүргізді.

Баяндама жасағандар арасында – жоғары білім қолжетімділігінің және сапасының артуы, студенттердің жатақханалардағы тұрмыс жағдайларының жақсаруы туралы айтқан тәрбие жұмысы жөніндегі проректор И.В. Ровнякова, төртінші өнеркәсіптік ревоюция жағдайындағы білім беру туралы мәлімдеме жасаған Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті Э.О. Столярова, кәсіподақ комитетінің төрайымы Б.К. Аяғанова, экономика және басқару кафедрасының доценті Г.К. Қойшинова, «Физика» мамандығының 4 курс студенті Анас Бақдәулет және басқалар бар.   

Заманауи экономика жағдайындағы шағын несиелендірудің мәні туралы «Өскемен қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ менеджері Ринат Оразбай ақпарат берді.

Талқылау қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo