- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ оқытушылары Жоғары колледж оқытушыларымен бірге О. Бөкей атындағы орта мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары ШҚМУ Жоғары колледжі оқытушыларымен бірге Глубокое ауылында орналасқан О. Бөкей атындағы орта мектепте 9-11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді.
Кəсіби бағдар беруші кеңесшілерге ата-аналар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, олар нақтылы жауаптар берді. Жұмыс барысында факультеттер туралы бейнефильм, слайдтар көрсетіліп, ақпараттық материалдар үлестірілді.