- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейде Университет күні аясында Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары М. Кәрменова, А. Тұқышова, З. Қабдрахманова және «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Р. Мұхамжаров «Информатика мамандықтарында арнайы пәндерді оқытуда қолданылатын технологиялар» шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сыныпқа мектептің 8-11 сыныптарының математика, физика пәндерін таңдаған оқушылары мен информатика мұғалімдері қатысты. Сабақта Plickers, Macromedia Flash, LME EV3 бағдарламаларының мүмкіндіктері мен смартфон арқылы бағалау әдістері көрсетілді. Оқушылар қызығушылығын арттыру мақсатында кафедраның «Робототехника зертханасында» жиналған роботтар көрсетіліп, роботтар қозғалысын ұйымдастыруға оқушылардың өздері қатысты.
Жаңа оқу бағдарламасы бойынша топтық жұмыстар орындалды. Кәсіптік бағдарлау шеңберінде оқушылармен әңгіме жүргізіліп, буклеттер таратылып, сауалнама толтырылды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алды. Барлық қатысушыларға сертификат таратылды.
Компьютерлік үлгілеу және
ақпараттық технологиялар кафедрасы