- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары «Қасым Қайсеновтің педагогикалық мұрасы» оқуларына қатысты.
Кафедра оқытушылары – доцент Раушан Нұрбекова мен Ләззат Жаманбаева Ұлан ауданы Айтықов ауылындағы Қ. Қайсенов атындағы мектепте партизан-жазушы, Халық қаһарманы Қ. Қайсеновтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.
Жиынның пленарлық отырысында Ләззат Кыдырбекқызы Қ. Қайсеновтің партизандық жолының зерттелу мәселесіне тоқталса, Раушан Қалымбекқызы мектепте тарих пәнін оқытудағы жергілікті компоненттің, өлкетану материалдарын меңгерудің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда маңызға ие екенін баса айтты.
Оқытушылар аудан ұстаздары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын да жүргізіп, университетіміздегі бакалавриат және магистратура мамандықтары туралы хабарлады.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы