Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары Күршім ауданында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді

Алғашқы әскери дайындық кафедрасының оқытушылары А. Бөлекпаев, Д. Байдрахманов және Жоғары колледж оқытушысы Д. Нұрмұханбетова Күршім ауданында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Олар Күршім, Сарыөлең, Маралды, Марқакөл, Қалжыр, Боран ауылдарындағы орта мектептердің 9, 10, 11 сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесуде оқушыларға жоғары оқу орны, оның құрылымы, дайындық бағыттары, әр факультеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді.

Оқушылар әскери кафедрада оқу мүмкіндігі жайында білді. Сондай-ақ, оқушылар ҰБТ-ның жаңа ережелерге сәйкес өткізілуі, әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардар болды.

Оқушылар үлестірме материалдар алды, олардың назарына презентациялар мен жарнамалық парақшалар ұсынылды. Болашақ талапкерлер ұсынылған сауалнамаларды толтырып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Алғашқы әскери дайындық кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo