- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өскеменде қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқыту бойынша екінші онлайн-сабақ болып өтті. Оған ШҚМУ оқытушылары да қатысты.
Пушкин атындағы кітапхананың Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқыту бойынша орталығында А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен онлайн қосылу арқылы «Қазақ тілінің жаңа әліпбиін үйренеміз» атты екінші бейне-сабақ өтті.
Орталық директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, танымал тілші-ғалым Анар Фазылжановамен онлайн-кездесуге ЖОО-лардың, колледждердің және жалпы білім беретін орта мектептердің филолог-оқытушылары келді, онлайн-сабаққа облыстың орталық қалалық және аудандық кітапханалары қосылды. Оған ШҚМУ оқытушылары да қатысты.
Баспасөз қызметі