Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары мектеп оқушыларымен ашық интербелсенді сабақ өткізді

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің оқытушылары «Мектеп – ЖОО» жобасы аясында Өскеменнің О. Бөкей атындағы №44 лицейінің 9-10 сынып оқушыларымен «Алтайдың ғажайып әлемі» интерактивті сабағын өткізді.

Биология кафедрасының доценті Г. Садықанова және экология және география кафедрасының аға оқытушысы Н. Жеңсікбаева 2017 жылы ашылған «Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны» ғылыми-оқу кешенінде жалпы биология және геология бойынша кіріктірілген танымдық сабақ өткізді. Кешенге кеппешөп кабинеті, геология кабинеті және В. Бажанов атындағы табиғат мұражайы енеді. Сабақта Алтай өңірінің бай флорасы және фаунасымен, В. Бажанов атындағы табиғат мұражайының тарихымен, гербар кабинетінің коллекциясымен, геология кабинетінің минералдарымен таныстырды. Оқушылар университеттің кеппешөп үлгілеріне және геология кабинетінің минералдарына үлкен қызығушылық танытты.

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы С. Оразова өткізген «Химиялық тәжірибелер – теориялық білімнің түйіні» шеберлік сыныбында сиқырлы тәжірибелер көрсетіліп, кафедраның «Табиғи қосылыстар химиясы» үйірмесінің зерттеу жұмыстары, фитохимия зертханасы таныстырылды. Шеберлік сыныбынан кейін химиялық зертханалар мен аудиториялар бойынша экскурсия жүргізіліп, заманауи қондырғылар мен құрылғыларда жұмыс жасау ерекшеліктері көрсетілді.

Сән Оразова,

 жаратылыстану ғылымдарының магистрі,

аға оқытушы

Қазақ
× You found a Typo