Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

Өскемен қаласының облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының  11 сынып оқушыларына ақпараттық және кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

22 мамыр күні жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ж.З. Жантасова, кафедраның аға оқытушысы Г.Т Жунусова және Информатика мамандығының 1-курс студенті Асылбекова Мөлдір, Ақпараттық жүйелер мамандығының студенті Мұқамжаров Рауан Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушыларымен кездесіп  кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді. 

Кәсіби бағдар берушілердің негізгі мақсаты С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мамандықтары жайлы, факультеттер жайлы мағлұмат беру,  академиялық ұтқырлық жайлы ақпарат беру және кафедраның мамандықтарына талапкерлерді шақыру. 

Мектеп түлектерінен таңдау пәні, қай жоғары оқу орнын таңдағаны, қай мамандыққа тапсыратындары жайлы сауалнамалар алынды.   

Оқушыларға университет мамандықтары жайлы жарнамалық материалдар таратылып, кең көлемде ақпараттар берілді. Кездесу барысында сынып жетекшілерін және информатика пәнінің мұғалімдерімен  университетімізде болатын іс-шаралармен, кәсіби бағдар беру жоспарларымызбен таныстырдық.  Мектеп оқушылары үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерінің таңдаған мамандықтары жайлы мазалаған сұрақтардың жауаптарын алды. 

Оқушыларға кафедра мамандықтары жайлы, болашақта қандай маман болып шығатыны жайлы, университеттің ғылыми зертханалары жайлы ақпараттар толық берілді. Лицей түлектері бүгінде кафедра студенттері Мөлдір мен Рауан оқудағы жетістіктері мен студенттік өмірдің қызықты шақтарымен бөлісті.

Гулнур Жунусова, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo