Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары мектептердегі «соңғы қоңырауларға» қатысты

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің оқытушылары «ЖОО – мектепке алғыс айту» акциясы аясында Өскеменнің 13 мектебіне барып, соңғы қоңырау іс-шараларына қатысты.

Өз баяндамаларында оқытушылар мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ-ны сәтті тапсыруды тіледі. Сонымен қатар, ШҚМУ-да білім алуға шақырып, қуатты оқу-ғылыми базасымен, ғылыми жетістіктерімен танылған, мамандықтары ASIIN агенттігінің халықаралық аккредитациялауынан өткен Жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар факультеті туралы айтты.

Мамандарды даярлау бағыттары бойынша институционалдық рейтингте факультеттің жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мамандықтары республикада алғашқы бестікке еніп отыр. Мамандарды дайындау деңгейлері мен бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісінде факультеттің 8 білім беру бағдарламасы алғашқы үштікке енді. Магистрлер дайындалады, физика мен химиядан PhD докторантурасы ашылған.

Сөз соңында оқытушылар барлық мектеп директорларына университет ректоры М. Төлегеннің атынан алғыс хаттар табыстады.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo