Білім күніне арналған «Мұғалімді оқу жылының басталуымен құттықта» акциясы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен студенттері Өскемен қаласындағы мектептердің салтанатты іс-шараларына қатысты.
ШҚМУ оқытушылары мен студенттері университетпен тығыз байланыс орнатқан мектептердің басшыларына ЖОО ректоры Мұхтар Төлегеннің атынан алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
«Құрметті әріптестер! Сіздерге керемет көңіл-күй, шығармашылық ізденіс, қызықты ойлар және өзара ынтымақтастықты дамытудың жаңа бастамалары мен мүмкіндіктерін тілейміз!» делінген құттықтауларда.
Баспасөз қызметі