Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары мен студенттері «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» кітап көрмесіне қатысты

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың акт залында Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Кітапхана қызметкерлері студенттер мен қала жұртшылығына Қазақ хандығының құрылу тарихы, қазақ хандарының әулеті, саяси қайраткерлер және сол замандағы қоғамдағы қатынастар туралы ғылыми еңбектерді, кітаптарды ұсынды.
Көрмеде ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында мемлекеттігі дамуының тарихи сабақтастық мәселелерін қарастыратын ғылыми зерттеулер ұсынылды. Зерттеулер қазақ мемлекеттік-саяси институттарының өзіне дейінгі бірлестіктермен байланысын көрсетеді.
Іс-шарада  «Казахстан в источниках и материалах» кітабының авторы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Советхан Игібаевтың баяндамасы қызығушылық туғызды.
Іс-шараға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ  «Тарих» мамандығының студенттері, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушылары Л.К. Жаманбаева, А.Т. Казбекова қатысты.
Көрмемен танысқаннан кейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ,  ҚАЕУ колледжі студенттері, №39 мектептің оқушылары профессор Советхан Игібаевтың қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы дәрісін тыңдады.

Қазақстан тарихы кафедрасы 

Қазақ
× You found a Typo