Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары мен студенттері республикалық диктантқа қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары, магистранттары мен студенттері республикалық диктантқа қатысты.

14 қарашада ШҚМУ оқытушылары, магистранттары мен студенттері латыннегізді қазақ графикасымен жазылатын республикалық диктантқа қатысты. Латыннегізді қазақ әліпбиін, емле ережелерінің жобасын практикалық тұрғыда меңгеру, нақтылау, бағалау, бейімделу мақсатында ұйымдастырылған шараға университет ұжымы белсене атсалысты.

Диктант жазуға «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ мен әдебиеті», «Журналистика», «Биология», «Құқықтану», «Дефектология», «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Туризм», «Педагогика және психология», «Бастапқы әскери дайындық» т.б. мамандықтары мен Жоғары колледждің 1, 2, 3 курс студенттері  қатысты.

Диктант университеттің бірнеше оқу ғимараттарында, Назарбаевтану орталығында, С. Аманжолов атындағы дәрісханада қатар жүрді. Диктант мәтіні аудиоқұрылғыдан тыңдалды. «Рухани жаңғыру» тақырыбында жазылған жалпыхалықтық диктант қатысушылардың жаңа графиканың қыр-сырымен танысуына ықпал етіп, танымын кеңейтті.

Қазақ жазуы және латын графикасы

орталығы

Қазақ
× You found a Typo