С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі Мәдениет үйінде мектеп оқушыларымен, олардың ата-аналарымен және мұғалімдерімен, сондай-ақ ЖОО түлектерімен кездесу өткізді.
Кездесуге университет ректоры Мұхтар Төлеген, факультеттер декандары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері қатысып, ШҚМУ туралы айтты. Ректор ЖОО түлектерінің ата-аналарына алғыс хаттар табыстады.
Жаңа ректордың алғашқы сапарын осы жылы 90 жылдығын атағалы отырған Ұлан ауданынан бастауы кездейсоқ емес, университетке есімі берілген Сәрсен Аманжолов – осы өңірдің тумасы, сонымен қатар ШҚМУ-мен тығыз қарым-қатынас жасап жүрген әйгілі археолог-ғалым Зейнолла Самашев та – Ұланның азаматы.
Жиналғандар университеттің тыныс-тіршілігі туралы бейнероликтен де көріп білді, ал кездесу студенттер әзірлеген кіші-гірім болса да ерекше концертпен аяқталды.
Сапар туралы фоторепортаж жаңалықтар таспасында жарияланады.
Баспасөз қызметі
Фотосуреттердің авторы: Александр Попов