С. Аманжолов атындығы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті физика кафедрасының оқытушылары мен 2, 3 курс студенттері «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ортылығында қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Аға оқытушылар М.С.Жапарова мен Г.Б. Ботабаеваның жетекшілігімен орталыққа физика, физика-информатика, ядролық физика мамандықтарының студентері барды.
Олар «Үлбі» орталығының тәрбиеленушілеріне кеңсе тауарларын апарып берді.
Орталық директоры С. Әубәкірова ризалықтарын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті