Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары мен студенттері «Жақсылық жасауға асығайық!» акциясын ұйымдастырды

Тұңғыш Президент күніне орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ биология кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Жақсылық жасауға асығайық!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

29 қарашада кафедра оқытушылары Өскемен қаласындағы «Бөбектер үйіне» барып, жылы лебіздерін аямай, қолдан келген жәрдемдерін ұсынды.

– Жүректеріңіздегі мейірім оты жалындай берсін, жақсылық пен қайырымдылық әр баланың жүрегіне қуаныш сыйласын. Балалардың алғысы сіздердің отбасыңызға ақ нұр болып жаусын, қайырымды жандар! – деп Бөбектер үйінің  ұжымы алғысын білдірді.

Осындай  қайырымдылық акциялары әлі де жалғасын таба береді деп сенеміз.

Мерейлі істер жаңа көкжиектерге бастай берсін, ата-бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз қадірін жоймаса екен! Балаға жасаған жақсылық өзімізге жасаған жақсылық деп білейік, ағайын! 

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo