Кәсіби бағдар беру мақсатында Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары №25 орта мектептің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Оқытушылар Л. Демченко, А. Тоқтыбаева, А. Сағынаева оқушыларға ЖОО-ның құрылымы туралы, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді. Оларға әскери кафедрада оқу мүмкіндігі және ҰБТ ережесі, әлеуметтік қолдау шаралары жайында айтылды.
Оқушыларға үлестірме материалдар таратылды, презентация көрсетілді. Болашақ түлектер сауалнама толтырып, сұрақтарына жауап ала алды.
Баспасөз қызметі