- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Экономика және құқық факультетінің оқытушылары Өскемен қаласындағы №38 гимназияда іскерлік ойын өткізді.
Экономика және құқық факультеті Қаржы және есеп кафедрасының оқытушылары (профессор К. Шолпанбаева, аға оқытушы А. Жапарова) үгіт-насихат жұмысын жүргізу аясында Өскемен қаласындағы №38 гимназия оқушыларының арасында «Отбасы бюджеті» тақырыбында іскерлік ойын өткізді.
Ойынға бітіруші сыныптың 21 оқушысы қатысты. Негізгі мақсаты мектеп бітірушілерді кәсіби бағдарландыру болған ойын 4 кезеңнен тұрды. Кезеңнің әрқайсысы өз көзқарасын білдіруді, ойлау логикасын дамытуды, қаржылық сауаттылық деңгейін көтеруді көздеді.
Оқытушылар іскерлік ойынның нәтижесін қорытындылап, мектеп басшылығына және кәсіптік бағдарлау жұмысына белсенді қатысқандарға алғыс білдірді.
Қаржы және есеп кафедрасы