- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау мақсатында «Нұр Отан» партиясы өткізген республикалық семинарға ШҚМУ оқытушылары қатысты.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау мақсатында «Нұр Отан» партиясы өткізген республикалық семинарға ШҚМУ «Рухани жаңғыру» және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Фаийна Қабдрахманова мен оқытушысы Майра Шүршітбайқызы қатысты.
Семинар онлайн форматында өтті. Оны «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов жүргізді. Қатысушылардың баяндамалары ғылыми-танымдық сипатта болып, өзекті мәселелерді қамтыды.
«Қазақ елі мен байырғы Қазақ атамекен тұрғындарына этноантропологиялық сипаттамалары» атты академик Оразақ Смағұлов баяндамасы ерекше көңілден шықты. Баяндамада қазақ халқының этноантропологиялық қалыптасу тарихына қатысты тың мәліметтер берілген.
И. Шүршітбай