Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары облыс оқушылары арасында «Ұлы даланың - ұлы есімдері» байқауын өткізді

Қазақстан тарихы кафедрасы кәсіби бағдар беру аясында Абайдың 175 жылдығы, Шоқанның 185 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай облыс мектептері түлектері арасында «Ұлы даланың - ұлы есімдері» байқауын өткізді.

Байқау екі кезеңмен, қашықтан өтті. Біріншісі – эссе жазу, екіншісі – мультимедиялық презентация әзірлеу.

Мұғалімдерден 40 өтінім түсті. Байқауға Өскеменнің №3, 7, 10, 15 мектептері, «Бриг» мектебі, Жамбыл атындағы гимназия, Жарма ауданының Бақыршық мектебі, Катонқарағай ауданының Рыков мектебі, қатысты. 

Қорытынды бойынша мына 11-сынып оқушылары дипломдарға ие болды: І дәрежелі диплом – Аружан Мағзұмова (Бақыршық мектебі), ІІ дәрежелі диплом – Зерек Аймұрат (№3 мектеп), Арайлым Шүйіншина («Бриг» мектебі), ІІІ дәрежелі диплом – Елизавета Байдарова (№7 мектеп), Дарья Михеева (№7 мектеп).

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo