Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі және функционалдық сауаттылық» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты А.Қ.Сейпутанова кіріспе сөз сөйлеп, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының Қ.Бітібаева атындағы зертхана жетекшісі М.К.Мұқашева, №24 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі М.Т.Аскетаева, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.А.Айтмұқашова, кафедраның доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Ә.Әлімхан, аға оқытушы, филология магистрі Ж.Қ.Қайырбаевалар ғылыми-әдістемелік баяндамалар жасап, шеберлік сыныбын жүргізді.

Семинар соңында қатысушы мектеп мұғалімдеріне сертификаттар табыс етілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo