С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және құқық факультетінің қаржы және есеп кафедрасы 10-11 сынып оқушылары арасында «Заманауи қаржыгер» қалалық олимпиадасын өткізді.
Жүлделі орындар келесі мектептер арасында бөлінді – 1 орынды №11 мектеп-лицей, 2 орынды Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицей, 3 орынды О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицей алды.
Жекелей есепте 1 орынды №11 мектеп-лицейдің 11 «М» сынып оқушысы Мәди Сапарбек иеленді.
Сонымен қатар, О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің оқушысы «Үздік эссе» номинациясына ие болды, ал «Үздік таныстырылым» аталымы Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицей командасына берілді.
Мектеп басшыларына алғыс хаттар табыс етілді.
Экономика және құқық факультеті