Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары Өскемендегі №13 және №29 мектептерде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді

12 қаңтарда жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары М.А. Карменова,  Г.Т Жунусова және З.Г. Кабдрахманова №13 мектебінің 11-сынып оқушыларымен кездесіп  кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді.

Кәсіби бағдар берушілердің негізгі мақсаты болып С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мамандықтары жайлы, факультеттер жайлы мағлұмат беруден, академиялық ұтқырлық жайлы ақпарат беруден және кафедраның мамандықтарына талапкерлерді шақырудан  тұрды. 

Мектеп түлектерінен таңдау пәні, қай жоғары оқу орны таңдағаны, қай мамандыққа тапсыратындары жайлы сауалнамалар алынды.   

Оқушыларға университет мамандықтары жайлы жарнамалық материалдар таратылып, кең көлемде ақпараттар берілді. Кездесу барысында сынып жетекшілерін және информатика пәнінің мұғалімдерімен  университетімізде болатын іс-шаралармен, кәсіби бағдар беру жоспарларымызбен таныстырдық. Мектеп оқушылары үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерінің таңдаған мамандықтары жайлы мазалаған сұрақтардың жауаптарын алды.

Оқушыларға кафедра мамандықтары жайлы, болашақта қандай маман болып шығатыны жайлы, университеттің ғылыми зертханалары жайлы ақпараттар толық берілді.

Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo