Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауында жеңімпаз атанды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар және бейнедәрістер байқауының «Жоғары білім беруде оқытудың заманауи технологиялары» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

ШҚМУ оқытушылары «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының аймақтық кезеңін жеңіп алды, байқау мақсаты – заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтап, көпшілікке тарату, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық, технологиялық құзыреттілігін арттыру. Байқауға қатысу үшін «Өрлеу» республикалық институтының ұйымдастыру комитетіне конкурстық бейнематериалдар мен ілеспе өтінімдер жіберілді.

Конкурсты бағалау критерийлері – өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сәйкестігі, материалдың тәжірибеге бағдарлануы, әдістемелік құндылығы, сондай-ақ білім беруде алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары мен сандық технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу. Сонымен қатар, байқау жұмыстарында сюжеттік желіні құру логикасы, АКТ құралдарын қолдану шеберлігі, бейнематериалдың динамикасы, көзбен шолу қатарының және дыбыстың сапасы бағаланды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті биология кафедрасының оқытушысы, phD докторанты Әйгерим Тоқтасынова ағылшын тіліндегі «The cell cycle» бейнедәрісі үшін 1 орынға, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті химия кафедрасының оқытушысы, химия магистрі Күнайгүл Қабдысалым «Периодтық жүйе элементтерінің химиясы» бейнедәрісі үшін 2 орынға, физика кафедрасының доценті Галина Смолина «Термодинамика заңдары» бейнедәрісі үшін 3 орынға ие болды.

Оқытушыларды құттықтаймыз және байқаудың республикалық кезеңінде жеңіс тілейміз!

Білім беру бағдарламаларын

әдістемелік қолдау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo