Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары риддерлік мұғалімдерге шеберлік сағаттарын өткізді

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті математика кафедрасы оқытушылары Риддерлік мұғалімдер үшін шеберлік сағаттарын өткізді.

Математика кафедрасы профессорының міндетін атқарушы М. Мадияров, кафедра меңгерушісі Е. Ерғалиев, аға оқытушы А. Бәкішев Риддер қаласы математика мұғалімдері үшін «Математикадан олимпиада есептерін шешу» және «Ғылыми жобаларды ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өткізді.

Шеберлік сағатта жоғары сыныптарға раналған олимпиадалық есептер талданды. Мұғалімдер тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойды. Е. Ерғалиев пен А. Бәкішев олимпиадалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Екінші шеберлік сағатта М. Мадияров пен Е. Ерғалиев оқушылардың  ғылыми жобаларын ұйымдастыру мен жоспарлауға қатысты сұрақтарды мұғалімдермен талқылады, сонымен қатар «Теңдеу шешімдерін жіктеу» тақырыбы бойынша презентация жасады.

Кездесу соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлзада Құнапина оқытушыларға алғыс айтып, келешекте С. Аманжолов атындағы ШҚМУ математика кафедрасымен тығыз жұмыс жасайтындарын жеткізді.

 Математика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo