Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары ШҚО оқушыларын жазғы археологиялық мектепте оқытатын болады

ШҚМУ оқытушылары Көктүбек қорғаны (Тарбағатай ауданы), Аблаинкит бекінісі (Ұлан ауданы), Көкентау тауы (Абай ауданы) сынды киелі жерлердегі археологиялық мектептерде сабақ жүргізеді.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу мақсатында «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық жазғы мектебі өткізіледі, – деп хабарлайды ШҚО білім басқармасы.

Археологиялық мектептің оқытушылары құрамында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, А. Марғұлан атындағы археология институтының, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік унверситетінің тарих ғылымдарының профессорлары, докторлары бар.

Мектептерге 8-10 сынып оқушылары (14 жас және одан жоғары) қатыса алады. Мектеп бағдарламасына оқыту-тәжірибелік дәріс: «Далалық құжаттарды жүргізу мен оның түрлері», мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеуде археологтармен жұмыс жасау: Көктүбек (Тарбағатай ауданы), Аблаинкит оқшау-бекінісі (Ұлан ауданы), Көкентау таулы массиві (Абай ауданы) енгізілді.

Өтетін орны: Өскемен қ., «Дарын» орталығы, Таулы Үлбі, мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу бағыты бойынша экспедиция.

Өтетін күні, уақыты: 30 маусымнан 6 шілдеге дейін.

Ұйымдастырушылар: ШҚО білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.

Баспасөз қызметі

http://bilimvko.gov.kz/kz/news-3796

Қазақ
× You found a Typo