Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледжінде

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының оқытушылары Дюсембинова Г.К және Нигметжанова Г.К Шығыс Қазақстан гуманитарлы колледжде университет күніне орай шеберлік сыныптарын жүргізді.

 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарына Дюсембинова Г.К интеллектуалды ойын: «Болашақ білімді ұрпақ қолында» және Нигметжанова Г.К «Кәсіби өсу» тақырыбында кәсіби-бағдар жұмысын жүргізді.

Колледж студенттері және оқытушылары белсенді қатысып, жоғары деңгейде қызығушылықтарын танытты.

Сонымен қатар, арнайы кәсіптік білім жайлы куәлік алғалы отырған студенттерге ШҚМУ-да берілетін мүмкіндіктер жайлы баяндалды. Еркін сұхбат ортасын құрып, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

Барлық қатысқан студенттер сертификаттармен марапатталды.                                                                        

Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының аға оқытушылары Дюсембинова Г., Нигметжанова Г.

Қазақ
× You found a Typo