Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары Тарбағатай ауданына барды

11-19 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының   аға оқытушысы  А.М.Сапанова мен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы М.Шуршитбай Тарбағатай ауданы оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс жүргізді.

Тарбағактай ауданының М.Әуезов атындағы мектебі, (Көкжыра, Ақжар), №2Ақсуат орта мектебі, Қ.Нұрбаев атындағы мектеп, Ы.Кәбеков атындағы мектеп, С.Сейфуллин атындағы мектеп, Құйған және Жетіарал мектеп—балабақша кешені, Абай орта мектебі, Қ.Билялов атындағы гимназия, Т.Рысқұлов, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, Ақмектеп және К.Төгісов атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесті.

Іс-шара барысында 10-11 сынып оқушыларымен  әңгіме өткізіліп,  университет туралы бейнефильм көрсетіліп, ШҚМУ тарихы мен  мамандықтары,  қос дипломды білім беру, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, шығармашылық мамандықтар туралы ақпараттар ұсынылды. Балалар мен ата-аналарға құжаттарды қабылдау мен емтихандарды тапсырудың шарттары, жергілікті бюджеттен төленетін білім гранттарын алу конкурсына қатысу ережесі және демалыс уақытында өткізілетін  «Өсу орталығының» дайындық курстары туралы толық ақпараттар берілді Жалпы  қамту 309 оқушыны құрайды.

ҚОФ жЖ кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сапанова,

ҚТ жӘГП кафедрасының аға оқытушысы М. Шуршитбай

Қазақ
× You found a Typo