Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары TED-конференцияда спикер ретінде баяндама жасады

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің өлкем – менің шабытым» облыстық форумы өткізілді.

Форум Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтті. Форумның білім модулі интерактивті әдістерге толы болды, атап айтсақ, тренингтар, шеберлік-сыныптар, TED конференциясы.

300-ден астам оқушы қатысқан форумда оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып қана қоймай, болашақтың жобаларымен, идеяларымен бөлісіп, спикер ретінде, көпшілік қауымға өздерінің авторлық шығармашылықтарын да ұсына білді.

TED конференцияда О. Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өлкетану бөлімінің қызметкері Каланчина И.Б., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Барбосынова Қ.Т., «Вояж – Алтайский Казахстан» ЖШС-ның бас директоры, радиопеленгация және спорттық бағдарлаудың халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорттан жоғары дәрежелі Ұлттық төреші Щеглова И.В., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Будникова Н.Н., Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Жастар театрының көркемдік жетекшісі Салбанов А.А. спикер ретінде сөз сөйледі.

О. Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі балаларға «ШҚО-ның 25 керемет жері. ШҚО-ның әңгімелері мен аңыздары» атты танымдық бағдарламасын ұсынды.

«Менің өлкем – менің шабытым» әдеби шығармашылық конкурс-фестивалінде оқушылар таңғаларлық және әсерлі көңіл күй сыйлады. Сертификаттардың табысталуы, аз ғана болсын уақытта, бірақ ерекше есте қалар шақта тағы да достармен қайта кездесу, естелік фотосуреттерімен алмасу, бір-біріне жүрек жарды жылы лебіздерін арнаумен аяқталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo