- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында Қ. Дамитов атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесті.
Жоғары оқу орнының Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценттері, филология ғылымының кандидаттары Б. Бияров пен А. Әлімхан Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы Қ. Дамитов атындағы орта мектептің оқушыларымен жүздесіп, олардың мамандық таңдауына бағыт берді. Іс-шарада университет тарихымен, білім беру бағдарламаларымен таныстырып, ақпараттық брошюралар, буклеттер таратты.
Мамандық тұлғаның болашақ өміріне әсер ететінін түсіндіріп, жоғары оқу орнында ұйымдастырылатын пәндік олимпиадалар мен байқаулар жайлы мәлімет беріп, мектеп оқушыларын бакалавр бағдарламаларында, мұғалімдерді магистратурада білім ауға шақырды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы