Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары Ұлттық тестілеу орталығы өткізген «Педагогикалық өлшеулердің теориясы мен әдістемесінің негіздері» тақырыбына семинарға қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің бір топ оқытушылары 29 мамыр – 2 маусым аралығында өткен ҚР БжәнеҒМ ҰТО ұйымдастырған «Педагогикалық өлшеулердің теориясы мен әдістемесінің негіздері» семинарында ЖОО студенттеріне арналған ОЖСБ тесттерін құрастырушылар мен сарапшылар квалификациясын жақсарту мақсатында дәріс тыңдап, тәжірибелік жұмыстармен алған білімдерін бекітті.

Семинар барысында тест құрастыру, оның маңыздылығы мен әртүрлі, күрделі болуының оқытушы біліктілігіне байланысты екені атап көрсетілді. Сонымен қатар теориялық мазмұнына қойылатын талаптар мен қажетті қағидаларды еске сақтау тест құрастыру арқылы жүзеге асты. Әсіресе жағдаяттық тапсырмалар құрастыру қиын да қызық болды.

Сәйкестілік пен реттілікке арналған тест құрастыру көп уақыт алғанымен, жұмыс нәтижелі болды. Семинар барысында жеке және топтық жұмыстар жасалды. Топтық жұмыс жасау арқылы өзіміз жинақтаған тәжірибемізді қорытып жоба ретінде қорғадық. ШҚМУ оқытушылары Нұрбекова Р., Жаманбаева Л., Токаева Ж., Рамазанова А., Жакупова Р., Тұрсынбекұлы Н., Сактаева А., Кабатаева Ж., Сакенова Р., Ерболатова Карменова М., Қайырбаева Ж. Семинар бойы өз пәндері бойынша ОЖСБ тесттерін құрастырып, ерекшеліктерін көрсетіп, тәжірибе алмастық.

 Қорыта айтқанда, тест құрастыру көп уақыт, көп еңбекпен қоса жауапкершілік, дәлдікті талап ететіндігімен ерекшеленеді. Семинар ұйымдастырушыларының тиянақты еңбегі мен талап қоюының арқасында біліктілігімізді арттырып, көп нәрсені үйрендік.

 Р БжәнеҒМ ҰТО мамандары – директордың орынбасары Интымаков Т.Ж., Абдраимова Айзада Кармановна, Балкыбаева Салтанат Төлеубаевна, Тураров Аян Жанысбаевичке тест құрастырудың теориясы мен әдістемесі бойынша жүргізген сапалы семинар, ЖОО оқытушыларын  тест құрастыруға үйрету мен баулу ісіндегі үлкен көмектері мен кеңестері үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

Сән Оразова,

химия кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo