Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушылары үшін стресс-менеджмент психотехникасы бойынша вебинар өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының базасында университет қызметкерлері мен оқытушылары үшін «Университеттегі стресс-менеджмент: психотехника және жұмыс әдістері» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинар бағдарламасына келесі тақырыптар кірді: «Стрестің нейропсихологиялық механизмдері» – Ж.У. Смаилова, магистр, психология және түзету педагогикасы кафедрасының аға оқытушысы, «Зияткер» ҒБО әдіскері; «Студенттердің күйзелісін бақылау және басқару: оқытушылар мен қызметкерлердің қызметі» – И.К. Мацкевич, психология ғылымдарының кандидаты, психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры, «Зияткер» ҒБО әдіскері; «Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі психоэмоционалды стресс пен стрестің экспресс диагностикасы» – Е.И. Барабанова, психология ғылымдарының кандидаты, психология және түзету педагогикасы кафедрасының доценті, «Зияткер» ҒБО әдіскері; «Мұнда және қазір» стресті басқару әдісі – Е.В. Дергачева, психология ғылымдарының кандидаты, психология және түзету педагогикасы кафедрасының доценті, «Зияткер» ҒБО әдіскері; «Жедел күйзеліске жалпы реакцияны тиімді тежеу» – «Зияткер» ҒБО жетекшісі С. Стельмах, психолог, психология және түзету педагогикасы кафедрасының профессоры.

Вебинар барысында қатысушылар өздерінің эмоционалдық жағдайын, стрестік жағдайды басқару және болдырмау немесе стресстік факторлардың әсер ету күшін азайту әдістерін түсінуге және іс жүзінде бағалауға мүмкіндік алды.

Соңында вебинарға қатысушылар ішкі үйлесімділікті сақтау бойынша ұсыныстар алды, оларға ШҚМУ психологиялық қызметінің төтенше жағдай кезіндегі жұмысы туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде психологиялық қолдау алудың басқа мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo