Алғаш рет С. Аманжолов атындағы ШҚМУ есебінен ЖОО оқытушылары Ыстықкөлдегі пансионатта демалды.
28 шілде мен 3 тамыз аралығында ҚазҰУ пансионатында 8 оқытушы демалып қайтты.
Оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподағының комитеті хабарлағандай, жолдамалар ШҚМУ-да ұзақ жылдар жұмыс істеген еңбеккерлерге бұйырған.
Олардың қатарында қаржы және есеп кафедрасының профессоры У.С. Әлімбетов, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Б.Н. Бияров, АӘД кафедрасының профессоры Г.З. Зәйнелова, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Л.К. Жаманбаева, химия кафедрасының доценті З.С. Дәуітова, дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессоры В.П. Русанов, ғылыми кітапхана секторының меңгерушісі С.В. Хасенова, биология кафедрасының доценті А.С. Шәріпханова бар.
Баспасөз қызметі