С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары А. Жапарова, М. Шүршітбай және ШҚМУ Жоғары колледжінің оқытушысы А. Сағымова Зырян қаласындағы №11 орта мектепте 9-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына кәсіби бағдар берді.
Университет өкілдерін мектеп директоры Л. Скрипник қарсы алды. Әрбір кәсіптік кеңесші факультеттер туралы бейнефильм, слайдтар көрсетті. Бітірушілердің ата-аналары университеттегі оқу құны, жеңілдіктер, қабылдау құжаттарын рәсімдеу туралы сұрады.
Балаларды мамандықтар, әскери кафедра, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, қосдипломды білім беру бағдарламалары және өткен жылғы мемлекеттік грантқа өту ұпайы туралы ақпараттар қызықтырды. Педагогикалық және шығармашылық мамандықтарға құжаттарды қабылдау ережелері кеңесшілер тарапынан түсіндірілді, оқушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.
М. Шүршітбай,
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы