«Ғылым қоры» акционерлік қоғамы Elsevier компаниясымен бірге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, докторанттары мен магистранттары үшін тренинг өткізді.
25 мамырда «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығында «Ғылым қоры» АҚ Elsevier компаниясымен бірге жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми қызметкерлері, докторанттары және магистранттары үшін Scopus және Science Direct ақпараттық ресурстарымен жұмыс жүргізу бойынша оқыту тренингін өткізді.
Тренингті Elsevier компаниясының ресми өкілі Дина Шайхислам жүргізді. Сондай-ақ, ол біздің ғалымдар қызығушылық танытқан барлық сауалдарға жауап берді.
Тренинг қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Баспасөз қызметі