С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Карантин жағдайындағы әлем кітапханаларының ақпараттық мүмкіндіктері» вебинары өтті.
Оған 50 шақты университет оқытушысы мен қызметкері қатысты. Модераторы кітапхана директоры П. Нұралиева болды.
Вебинарда ғылыми кітапхана қызметкерлері С. Самойлова, Г. Шайкен, Р. Құмашев, Л. Ершова сөз сөйлеп, кітапханалардың ақпараттық мүмкіндіктері, бүгінде тегін ашылып отырған ресурстары, сервистері туралы тиянақты айтып берді.
Мектепте сабақ берудегі интернеттің мүмкіндіктері, «Антиплагиат» бағдарламасын қолдану мәселелері қызу талқыланды.
Ғылыми кітапхана барлық ғалымдар мен білім алушыларға онлайн кеңес беруге әрдайым әзір.
Ғылыми кітапхана