С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ардагерлер кеңесінің төрайымы, музыкалық білім кафедрасының аға оқытушысы А. Жұмақанова облыстық этнографиялық мұражайдағы Абайдың 175 жылдығына арналған дөңгелек үстелге қатысты.
«Абайдың 175 жылдығын мерекелеудің басталуы» іс-шарасында Ануза Нұқсынқанқызы Абайдың үш әнін домбырамен орындады, олар – М. Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалқып», А. Пушкиннің «Татьянаның хаты» («Евгений Онегин») және «Сегіз Аяқ».
Баспасөз қызметі