Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушысы Астана қаласындағы «Эразмус+» бағдарламасының ақпараттық күндеріне қатысты

Химия кафедрасының аға оқытушысы, «Трансшекаралық су пайдалану тұрақтылығы мақсатындағы институционалдық серіктестік: Ресей және Қазақстан» «Эразмус+» жобасының менеджері Б.З. Медеубаева «Эразмус+» бағдарламасының ақпараттық күндеріне қатысты.

Іс-шараны Қазақстандағы «Эразмус+» ұлттық кеңсесі Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментімен, Еуропалық комиссияның білім беру, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігімен, Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігімен бірге ұйымдастырылған.

Іс-шара Л. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында өткізілді.

Кездесу аясында Қазақстандағы «Эразмус+» жобалары нәтижелерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Республика жоғары оқу орындарының өкілдері «Эразмус+» бағдарламасы бесінші байқауы өтінімдерінің талаптары, іріктеу тәртібі, ұлттық және өңірлік басымдықтары туралы ақпаратпен таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға «Жоғары білім саласының әлеуетін көтеру», «Халықаралық кредиттік ұтқырлық», «Жан Моне» сияқты «Эразмус+» іс-шараларына қатысу үшін практикалық кеңестер берілді.

Ағымдағы жобалар қатысушылары үшін жобаларды үйлестіру және мониторингке дайындық бойынша сессиялар жүргізілді.     

«Эразмус+»

Қазақ
× You found a Typo