Облыстық Достық үйінде – Қоғамдық келісім орталығында «Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» заң жобасы талқыланған дөңгелек үстел өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы Аксана Александровна Каленова жобаны талқылауға қатысты.
Ол бейбіт жиналыстарға қатысушылардың жасын шектемеуді, заңдағы «мамандандырылған орын» терминін нақтылауды, ұйымдастырушылардың ғимараттардың, сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз етуі туралы тармақтарға өзгерістер енгізуді ұсынды.
Баспасөз қызметі