С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Дене шынықтыру және спорт теориясы және әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қаласы) докторанты Е. Малахова бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабағын жобалау бойынша бейнедәріс өткізді.
Бұл сабақ білім беру мазмұнын жаңарту аясында жүргізілді.
Оқытушының айтуынша, оқушылар сабақтың өтуіне ұсыныс айтады, ал мұғалім олардың қалауына сай материалды таңдайды.
Бейнесабаққа кафедраның 3 курс студенттері қатысты. Кейін олар іс жүзінде осы тәсілдерді пайдалана алады.
Баспасөз қызметі