Физика кафедрасының аға оқытушысы Е. Шевчук облыстың физика, математика, информатика, химия мұғалімдері үшін қашықтан оқыту бойынша әдістемелік онлайн-семинар өткізді.
Қашықтан оқытуда физика, химия, биология пәндері бойынша сабақ беру қиыңға соғады. Іс-тәжірибе, зертханалық жұмыс жүргізу мүмкіндігі жоқ.
Евгения Петровна Интернетте бар «Ашық физика», «Тірі физика», «Крокодил», «Суретті физика» бағдарламаларының мүмкіндіктері, PhET сайтының симуляторларын қалай қолдану керектігі туралы айтып берді.
Бағдарламалар мен электронды ресурстар тізімі, сілтемелері барлық қатысушыларға таратылды.
Баспасөз қызметі