Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушысы облыстың сот төрағаларына арнап тренинг өткізді

Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы облыстық сот пен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ арасындағы серіктестік меморандумы аясында облыстық сот төрағаларына арналған «Сот жұмысының тиімділігін арттыру шарттары»  психологиялық семинар-тренингін ұйымдастырды.

Іс-шараға 40 сот төрағасы қатысты. Тренинг сот жұмысының тиімділігін арттыру үшін сот төрағаларының басқару және тұлғалық құзыреттіліктерін дамытуды мақсат тұтты.  

Оны психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Жанар Смаилова өткізді. Тренинг басталардан бұрын ол сот ұйымдарын дамытудың тиімді жолдарына диагностика жасау, проблемалық аймақтарды анықтау, басшылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін анықтау жұмысын жүргізді.  

Тренинг барысында қатысушылар «Сот жұмысының тиімділігіне кедергілер» туралы сызба жасады. Өз тәжірибелерімен алмасты. Тренинг барысында адамдарды басқару – нәтижелі жетекшілік факторы, жетекшілердің адамдарға диагностика жасай білу дағдылары, қызметкерлердің уәждемесін туғызу амалдары сияқты маңызды сұрақтар қарастырылды. Сот төрағалары тренинг жұмысына қызығушылықпен қатысты.

Тренингтің соңында қатысушыларға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың сертификаттары берілді. Біздің ойымызша, осы сипаттағы іс-шаралар екі тарапқа да серіктестік қатынастардың түрлі аспектілерде дамуына мүмкіндік береді.  

Кәсіби даярлық және біліктілікті

арттыру ресурстық орталығы

Қазақ
× You found a Typo